Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясы» КММ
Layer-5851.jpg
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясы» КММ

+7 705 675 3757

ХХХ ХХХ ХХХХХХХ ХХХ ХХХХХХХ ХХХ ХХХХХХХ ХХХ ХХХХХХХ ХХХ ХХХХ
ХХХ ХХХ ХХХХ

+7 ХХХ ХХХ ХХХХ
+7 ХХХ ХХХ ХХХХ
+7 ХХХ ХХХ ХХХХ
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясы» КММ
AA+
+7 (777) 777-77-77
Вход в аккаунт kz

2026 жылғы 1 қыркүйекте Б. Момышұлы атындағы мектеп - гимназиясында Білім күніне орай «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі» тақырыбында салтанатты іс - шара өтті.

Жаңа оқу жылының алғашқы күні - мектеп өміріндегі ерекше әрі маңызды сәт. Бұл күн білімге деген құштарлықты арттырып, жаңа ізденістер мен тың бастамаларға, толағай табыстар мен жарқын жетістіктерге жол ашады.

Салтанатты жиында мектеп директоры Ерденова Жанар Қозыбайқызы оқушыларды, ата - аналар мен ұстаздарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Ол оқушыларға оқуда табыс, өз күшіне деген сенім, білімге құштарлық пен жаңа жетістіктер тілеп, алға қойған мақсаттарына жете берулеріне ізгі тілегін білдірді.

Мерекенің ең әсерлі сәттерінің бірі - мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін соғылған алғашқы қоңырау болды. Бірінші сынып оқушылары өздерінің алғашқы тақпақтарын толқыныспен әрі мақтанышпен мәнерлеп оқыды. Бұл ерекше сәтті олар биыл туған мектебіндегі соңғы оқу жылын бастаған түлектермен бірге бөлісті.

Салтанатты шараның сәнін келтірген «Фламинго» би ұжымының әсерлі өнері жиналған қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.


2026 жылғы 4 қыркүйекте мектебімізде оқушылар мен педагогтерді біріктіріп, баршаға жарқын әсер мен көтеріңкі көңіл күй сыйлаған «Денсаулық күні» өтті! Бұл күн қимыл - қозғалысқа, спорттық сайыстарға, көңілді эстафеталар мен түрлі байқауларға толы болды. Оқушылар іс - шараларға белсене қатысып, өздерінің күш - жігерін, ептілігін, жылдамдығы мен төзімділігін көрсетті. Әсіресе командалық жұмыс, өзара қолдау және жеңіске деген ұмтылыс ерекше көрініс тапты! Барлық қатысушыларға белсенділіктері, жарқын көңіл күйлері мен керемет атмосфера үшін алғысымызды білдіреміз! Бұл күн салауатты әрі белсенді өмір салтына бастайтын тағы бір жақсы қадам болсын! Денсаулық - қозғалыс, күш - қуат және көтеріңкі көңіл күй! Әр күніміз белсенділікке толы болып, өз денсаулығымызға қамқорлық жасауды ұмытпайық!


6 қараша күні мектебімізде «Мейірім қанаты» атты қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Бұл шара оқушыларды, мұғалімдер мен ата - аналарды бір игі мақсатқа - жақсылық жасауға және көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге біріктірді.

Жарқын безендірілген сауда үстелдері, дәмді тағамдар, көтеріңкі көңіл күй, шынайы эмоциялар мен бірлікке толы ерекше атмосфера бұл күнді баршаға ұмытылмастай етті! Әрбір сатып алу, әрбір жылы сөз бен әрбір үлес үлкен қайырымдылық істің бір бөлшегіне айналды. Ал жүрекшелермен байланысты акциямыз мерекелік көңіл күй сыйлап, жағымды тосынсыйларға толы болды!

Жәрмеңкені ұйымдастыруға және өткізуге атсалысқан, бастамамызды қолдап, өз жылуын бөліскен барша жанға шын жүректен алғыс айтамыз!

Өйткені жақсылық кішкентай қадамнан басталады, ал бірлесе отырып, әлдеқайда үлкен істер атқара аламыз!


Мектепте Қазақстан Республикасының Республика күніне арналған салтанатты сапқа тұру рәсімі өтті. Мереке Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын салтанатты түрде алып шығумен және Мемлекеттік Әнұранды орындаумен басталды.

Мектеп директоры Ерденова Жанар Қозыбайқызы құттықтау сөз сөйлеп, баршаға бейбітшілік, амандық және алдағы уақытта толағай табыстар тіледі.

Мерекелеу аясында 12 - 19 қазан аралығында «Жас айбын» взводтары арасында әскери-спорттық жарыстар өткізілді. Атап айтқанда, 7 - 10 - сынып оқушылары арасында әскерилендірілген кросс, ал 5 - 6 - сынып оқушылары арасында әскерилендірілген эстафета ұйымдастырылды. Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар грамоталармен марапатталды.

Іс - шараның ерекше сәті - 9 «Б2» сынып оқушыларының өнер көрсетуі болды. Олар саптық дайындық дағдыларын, іс-қимылдарының үйлесімділігін, тәртіп пен командалық рухты көрсетті.