2026 жылғы 5 қарашада 6 - сынып оқушыларына арналған НЗМ, БИЛ және «Озат» білім беру ұйымдарына түсу мәселелеріне арналған онлайн - конференция өтті.
Кездесу барысында оқушылар аталған білім беру ұйымдарына қабылдау ерекшеліктері, түсу емтихандарының форматы, конкурстық іріктеу кезеңдері және талапкерлерге қойылатын талаптар туралы пайдалы ақпарат алды.
Алтыншы сынып оқушылары өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, қажетті түсініктемелер алды.

