Кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында 2025 жылдың 16 қыркүйегінде 10 «А» сынып оқушылары «Жасмин» атты гүл салонына барды.
Бұл іс - шараның мақсаты балаларды «флорист» шығармашылық кәсібімен таныстыру, еңбек нарығына деген қызығушылықтарын қалыптастыру және білімдерін кеңейту болды. Оқушыларға арнап шеберлік сыныбы өткізілді, оқушылар оған белсенді қатысты. Оқушылар гүл шоғын жасаудың барлық кезеңдерін үйреніп, сұлулық пен шығармашылық атмосферасына еніп, бірегей гүлдер композицияларын жасады.
Әрбір жасалған гүл шоғы жеке және басқалардан өзгеше болды. Жоғары сынып оқушыларымен кездесу тікелей байланыс форматында өтіп, балалар осы мамандыққа қатысты сұрақтарына жауап алды. Біз Әсемгүл Төлепбергенқызына қызықты және қажетті ақпараты үшін, осы іс - шараның соңында оқушылар тамаша көңіл - күйімен бөліскені үшін алғыс айтамыз және одан әрі ынтымақтастық жолында болуын үміттенеміз.


