2025 жылғы 4 наурызда мектеп түлектері кәсіптік бағдар беру кездесуіне қатысты, онда "Қазавтожол" АҚ - ның өкілдері өңірдің жол инфрақұрымының дамуы туралы айтты. Мамандар құрылыстыңжаңа технологиялар мен жолдарды, көпірлерді пайдалану жайында, сонымен қатар осы салада кадр жетіспеушілігі туралы ақпаратпен бөлісті. Олар құрылыс саласына білікті мамандар қажет екенін атап өтіп, түлектерді осы саладағы мансапты қарастыруға шақырды. Автожол колледжінің өкілдері оқушыларды геодезия және автомобиль жолдарын салу және пайдалану сияқты сұранысқа ие мамандықтармен таныстырды. Олар бұл мамандықтар өзекті болып қала беретінін және тұрақты жұмысқа орналасуды ұсынатынын атап өтті.
Сондай - ақ, кездесуге Алматы қаласынан Аlt University өкілдері қатысып, университетке түсудің артықшылықтары туралы айтып берді.
Мұндай кездесулер білім алушыларға мамандықтар әлемінде жақсы бағдарлануға және олардың болашағы туралы саналы шешімдер қабылдауға көмектеседі!


