20.02.2025 ж. біздің мектеп түлектері allure автокөлік компаниясына экскурсиямен барды. Компания өкілдері білім алушыларға өндірісте қолданылатын жаңа технологиялар, сондай - ақ машина жасау саласындағы сұранысқа ие мамандықтар туралы айтып берді. Балалар конвейер желілерінің қалай ұйымдастырылғанын, автомобиль нарыққа шықпас бұрын қандай кезеңдерден өтетінін көрді, тіпті зауыт мамандарына сұрақтар қоя алды.
Экскурсия түлектердің, әсіресе болашақ мансабын инженерлік және өндірістік технологиялармен байланыстыруды жоспарлап отырғандардың үлкен қызығушылығын тудырды. Бұл іс - шара оқушылар үшін заманауи өндірістік процестер туралы білімдерін кеңейтуге және болашақ мамандықты таңдау туралы ойлануға тамаша мүмкіндік болды.

