2024 жылдың 20 қарашасында Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінде "Психология" кафедрасының ұйымдастыруымен Кәсіби бағдар беру іс - шарасы өтті. Іс - шара аясында университет студенттері нейро - жаттығулар өткізіп, қатысушыларға мотивациялық аффирмациялар таратты. Университет түлектері болашақ талапкерлерді шабыттандырып, өз әсерлерімен және жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Кездесу оқытушылар мен студенттердің қатысуымен жарқын концерттік бағдарламамен аяқталды.
Мұндай күн жаңа белестерді ашып, түлектерге университетпен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді


