«Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз» дегендей,
Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында және Кеңес Одағының Батыры, халық қаһарманы, даңқты қолбасшы, қазақтың көрнекті жазушысы Бауыржан Момышұлы туған күніне орай, мектебіміздің 8 Е,К сынып оқушылары және ата-аналарының қатысуымен «Мен үлгі тұтар тұлға» атты тәрбиелік маңызы бар іс — шара өткізілді.
Мақсаты: Ұлттық – рухани құндылықтарды және жеке тұлғалардың өмір жолымен таныстыра отырып, жас ұрпаққа үлгі тұтар тұлғаларды кеңінен насихаттау.
Оқушылар өздері үлгі тұтатын ата-аналары, мәдениет қайраткерлері және тарихи тұлғалар жөнінде үлгі тұтарлы ойларын презентация арқылы көрсетіп баяндады.Тәрбиелік іс -шара соңында қатысушыларға грмоталар және жетекшілік еткен ата-аналарына алғыс хаттар тапсырылды.