ҚР Халықтарының Тілдер мерекесі мерекесінің аясында Бауыржан Момышұлы атындағы №5 орта мектебінде 21 қыркүйекте 5 «Д»- сыныбында қазақ тілі пәні мұғалімі Ибраева Г.Б дайындаған« Тіл-білімнің кілті» атты интеллектуалды ойын өтті.
Мақсаты:Жас ұрпақты өз ана тілін сүюге,тілдің көркемдігі мен байлығын үйреніп,орынды қолдануға тәрбиелеу, табанды, дарынды, білімді, елжанды тұлға қалыптастыру.
Жоспар бойынша 5- сынып оқушылары бұл іс- шараға қатысып, мемлекеттік тілді қай деңгейде меңгергендіктерін көрсетті, өз ойларын қазақ тілінде жеткізіп қана қоймай, түрлі өлеңдер, мақал- мәтелдер айтып, тіл мерекесіне белсене қатысты.