16 мамыр күні «Химия және биология сабақтарында «Руханижаңғыру» бағдарламасы аясында оқушылардың білім сапасың көтеру және экологиялық тәрбиесің дамыта отырып оқыту әдістерін белсенді қолдану» тақырыбында қалалық семинар өткізілді.
Семинар аясында «Биология химия сабақтарында оқытудың белсенді әдістерін пайдалану –тұлғаның руханилығын байытудың негізі» тақырыбымен Есенова Элмира Исмагұлқызы және Оразақ Сымбат Адильбекқызы бастады.
Қаланың әр мектебінен химия және биология пән мұғалімдері келіп қатысты.
9 к сыныбында « Адам іс –әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін зияны және химиялық ластану көздері» кіріктірілген сабақ өткізілді. Химия мұғалімі Аюуш Жайнагүл және биология пінінің мұғалімі Нүрсеитова Маншүк Магсұтқызы өткізді. Оқушылар ашық сабақта өздерің белсенді көрсетіп, экологиялық проблемалар және оларды шешу жолдарың қарастырды. Сабақ үш тілде жүргізіліп, қазіргі заман талабына сай жаңа технологиялардың қолдануымен өткізілді. Quizizz.com бағдарламасы қолданылып, оқушылардың қызығушылығын оятты.
10 Б сыныбында химия пәнінен «Производство азотной и серной кислоты» тақырыбына Бондарева Ольга Викторовна жүргізді.
Сабағында интернет желісі, Power Point бағдарламасы және т.б технологиялар қолданылды. Кадет сыныбы сабаққа өздерің танымдық, ойлау қабілеттерін көрсете алды.
7 кадет сыныптарыңда «Экологическое воспитание» сабақтан тыс іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараға келген қонақтар да қатысты. Екі топ «Жер және Ауа» оқушылардан тұрса, үшінші топ «Су» атты топ келген қонақтардан тұрды.
Ойын үш тілде жүргізілді. Биология пәнінің мұғалімдері Оразак Сымбат Адильбекқызы және Лиханская Татьяна Александровна өткізді. Ойын бірнеше сатыдан тұрды. Топтық жұмыс бағдарламасы Kahoot.com қолданылды.
Семинар соңында мектеп психологтары келген қонақтармен тренинг өткізді.
Авторы: Нүрсеитова М.М