Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі - Орталық) Ұлттық бірыңғай тестілеуді (бұдан әрі - ҰБТ) ұйымдастыру мен өткізудегі барлық өзгерістер туралы ақпаратты түсіндіру және тарату бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын хабарлаймыз.
Ағымдағы 2026 - 2027 оқу жылында білім беру ұйымдарының мектеп бітіруші сыныптары үшін ҰБТ өткізу бойынша өзгерістер күтілуде
Барлық өзекті, дәйекті ақпарат Орталықтың ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларда жедел орналастырылады:
- ресми сайты;testcenter.kz
- Facebook: testcenterkz;
- Instagram: testcenterkz;
- VKontakte: testcenterkz;
- YouTube: Ұлттық тестілеу орталығы.
ҰБТ туралы шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттың таралуын болдырмау үшін Орталық жариялаған ресми дереккөздерді тек жоғарыда көрсетілген арналарда пайдалануға кеңес береміз.

