«Lesson Study» тәсілі бойынша ашық сабақ

Lesson Study тәсілі бойынша 25-26 қазан күндері 6 Е сыныбында Қазақстан тарихы пәнінен «Қолөнердің пайда болуы және дамуы», «Қазақстан территориясындағы неолит дәуірінің тұрақтары» деп аталған тізбектелген сабақтар өткізілді. Сабақ барысында оқушылар топтық, жұптық, жеке жұмыстар жүргізді. Топтық жұмыс арқылы оқушылардың ойларын ортаға салып, талқылау, талдау, өз пікірін ашық айтуға дағыдыландыра отырып, өз бетінше ізденіп, шығармашылықпен жұмыс жасай білуге ықпал етілді. Әр топ арасынан топ мүшелері сайлаған «көшбасшы» бақылау парағын толтыра отырып, сабақ соңында өз тобы мүшелерінің білімдерін бағалады.