Қазақ тілі мен әдебиеті әдістемелік бірлестігінің онкүндігінің жабылуы

27.02.2023 жылдан 10.03.2023 жылға дейінгі аралықта  Қостанай облысы әкімдігі басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің Бауыржан Момышұлы атындағы № 5 жалпы білім беретін мектебі» ҚММ-не қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі өтті.

Онкүндік пән бойынша конкурстар, зияткерлік ойындар және викториналар түрінде өткізілді, білім алушылар қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша өз білімдерін көрсетті. Сондай-ақ, «Жігіт сұлтаны» мен «Қыз сыны» сияқты шығармашылық байқаулар өткізілді. Қазақ тілі мен әдебиетінің онкүндігі өте қызықты, әрі танымды болды.

Онкүндіктің жабылуы викторина түрінде өтті, оқушылар қоржыннан сұрақтарды алып, дұрыс жауапқа дәмді сыйлық – бауырсақ алды.

Викторина онкүндік барысында өткен тақырыптарынан алынған қорытынды сұрақтардан тұрды. Викторинаға қатысқысы келетіндердің саны артты. Балалар үлкен қызығушылықпен және белсенділікпен сұрақтарға жауап берді.