2023 жылдың 9-ші наурызында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Жантасова Алма Кайралловна мен Агайсина Айтгуль Аусаровнаның жетекшілігімен 10 сыныптар арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты зияткерлік сайысы өткізілді.
Мақсаты: Білімгерлерді білімді, жан – жақты болуға баулу. Білуге, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Көшбасшылық қабілеттерін ояту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Сайыс “Бәйге”,”Жорға”, “Дода” кезеңдері бойынша өткізілді.
Сайысқа 10 бала қатысты. Қатысушылардың барлығы ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Осы сайыста 10 «Б» сынып оқушысы Китаева Анастасия «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атанды.