10 наурызда 2023 жылы заманауи сабақты жетілдіру және жоспарлау мақсатында мектебімізде «Тиімді әдiс-тәсiлдер – сапалы сабақ кепiлi» тақырыбында коучинг өттi.
Коучингті қазақ тілі мен әдебиетінің мүғалімдері А.А.Шарипбаева , У.С.Баймухамбетова ұйымдастырған.
Коучинг мынадай бағыттырды көздеген : қазіргі сабақты дәстүрлі сабақтан ажырату, оқытудың белсенді әдістерін тиімді пайдалана білу, оқыту сапасын жақсарту.
Мұғалімдер коучингке үлкен қызығушылықпен қатысып, өз шеберліктерін ортаға салды. Барлық қатысушылар топқа бөлінді, олардың әрқайсысы өз жауаптарының нұсқасын дайындап, қорғады.
Мектеп мұғалімдері оқыту процессінде әдістер мен тәсілдердің маңыздылығы зор екенін атап шықты.