ҚР Білім және ғылым министрлігінің “Дарын” республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2023 жылғы 4-6 наурызда Алматы қаласында “Shera Inn Hotel” кешені базасында “Педагогикалық идеялар фестивалі”республикалық байқауы өтті.
Фестивальді ұйымдастыру коммуникативтік және өзге де құзыреттілік түрлерін дамытуға, мобильді білім беру ортасында тиімді жұмыс істеу үшін басшылар мен педагогтердің шығармашылық мүмкіндіктерін ашуға, оқыту әдістемелері мен технологияларын жетілдіруге, тәжірибе алмасуға, мұғалім кәсібінің мәртебесін арттыруға, қазіргі мектептің кадрлық әлеуетін қолдауға, Қазақстанның мәдени-білім беру кеңістігінің бірлігін сақтауға және нығайтуға бағытталған.
Фестивальдің мақсаты-педагогтердің шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруы мен кәсіби өсуін ынталандыру, Қазақстан мектептері басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату.
Фестиваль кәсіби қоғамдастық ішінде табысты педагогикалық тәжірибе алмасуға және өзінің зияткерлік еңбегінің нәтижелерін көпшілікке көрсетуге ұмтылатын белсенді және шығармашылық педагогтарға бағытталған.
Фестиваль жеңімпаздары мен жүлдегерлері түрлі номинациялар бойынша дипломдармен және грамоталармен марапатталды. Біздің мектепті Көркем еңбек мұғалімі Бектасов Бауыржан Аргынгельдинович “Ашық аспан астындағы мұражай” жобасымен таныстырды. Бұл жоба республикалық фестивальде 2 орын алды.
Бауржан Аргынгельдинович Бектасовқа шығармашылық табыс пен үлкен жобалар тілейміз.