«Сөз –  әлемнің құпиясы»

2023 жылдың 2-ші наурызында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Жантасова Алма Кайраловна мен Агайсина Айтгуль Аусаровнаның жетекшілігімен 9 сыныптар арасында  «Сөз –  әлемнің құпиясы» атты шешендік өнер сайысы өткізілді.

Сайыс оқушыларды ізденуге, тапқырлыққа дағдыландыру, сөздік қорын молайтуға,

оқушылардың ауызша ой-өрісін дамытуға, қазақ тіліне  деген сүйіспеншілік сезімдерін дарытуға бағытталған.
Сайыс “Ұшқыр ойлы”,”Қызыл тілге жүйрік”, “Тапқыр” номинациялары бойынша өткізілді.

Сайысқа қатысқан оқушылардың ішінен өздерін жан-жақтан көрсете білген келесі жеңімпаздарымыз:

Байкенова Дильназ-  «Ұшқыр ойлы»,

Омаров Алишер –  «Қызыл тілге жүйрік»,

Кусенков Александр –  «Тапқыр» номинациясымен марапатталды.