«Ел алғысын алсаң елеулісі боларсың»

1 Наурыз күні мектебімізде онкүндік жоспарына сәйкес, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімдері Муздибаева Р.Т., Досумова Г.Т. алғыс айту күніне арналған «Ел алғысын алсаң елеулісі боларсың» сайысын өткізді. Сайысқа 7 «А», «Б2», «В», «Г», «Д», «Е» сынып оқушылары қатысты.

  • Іс-шараның негізгі мақсаты: оқушылардың өз еліне деген құрмет сезімін қалыптастыру.
  • Негізгі міндеттері: Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу; өз елінің рәміздері туралы ҚР заңдарын құрметтеу және сақтау сезімдері.

Алғыс айту күнінің мақсаты қандай? Бұл мереке көпұлтты елдің халықтары арасындағы достық, мейірімділік пен келісімнің көрінісін үлгі етуге бағытталған. Ел тұрғындарының бір-біріне және қазақ халқына төзімділік пен қонақжайлылық танытқаны үшін алғысын білдіретін күн болып саналады.

Сайыс 4 кезеңді қамтыды. Бірінші кезеңде әр топ Қазақстан Республикасының рәміздері туралы сұрақтарға жауап берді.

Екінщі кезеңде «Капитандар сайысы» өткізілді.

Үшінші кезеңде қима қағаздардан мақал-мәтелдерді жинап, мағынасын түсіндірді.

Төртінші кезеңде қатысушылар қазақ тілінде ән шырқап, іс-шараның әуезділігін күшейтті.

Қорытындысында қатысушылар мектеп басшысының мадақтамасымен марапатталды.

I орын 7 «А» сыныбы

II орын 7 «Б2» сыныбы

III орын 7 «Е» сыныбы