«Ертегілер әлемінде» атты викторина

Қазақ тілі мен әдебиеті онкүндік шеңберінде 28 ақпанда 6-шы сынып аралығында «Ертегілер әлемінде» атты викторина өтті.

Кітапхана қызметкерлері Н.Н. Бибикова, У.А.Кабдуллина «Ертегілер мен қызықтырады» көрме ұйымдастырып, «Алдар көсе» ертегіден көрініс көрсетті.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері А.К. Купобаева, У.С.Баймухамбетова  оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру мақсатымен викторинаны жоғары дәрежеде өткізді.

Білім алушылар іс-шараға белсенді қатысып, өз білімдерін ортаға салды. Әр топ қатысушылары жұмбақтар мен сөзжұмбақтары шешіп, пантомимо шеберлікпен көрсетіп, қазақ ертегілері туралы өз білімдерін толықтырды.

Ертегі қазақ даналығының айнасы дегендей, шара жас өспірімдердің туған елінің мәдениетіне деген қызығушылықтарын оятып, отансүйгіш сезімдерін оятты.