«Алтын сақа» әдеби ойыны

2023 жылдың 27 ақпан күні Б.Момышұлы атындағы № 5 ЖББМ қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімдерінің онкүндігі аясында «Алтын сақа» әдеби ойыны 5 сынып аралығында өтті.

Ойын оқушыларды ауыз әдебиетін оқуға, алғырлыққа, шапшаңдыққа, халқымыздың әдет-ғұрпын қадірлей білуге, өз елінің, туған жерінің табиғатын құрметтеуге, қадірлеуге, қорғауға, көркем сөйлеуге бағыштайды.

Ойын 5 кезеңнен болды. Әр топ сұрақтармен тапсырмаларға дұрыс жауап бергені үшін өздеріне асық жинады. Ойынның соңында, асықты көп жинаған топ жеңіске жетті. 1 жүлделі орынды 5 «Б2» сынып оқушылары, 2 орынды 5 «Г» сынып оқушылары, 3 орынды 5 «Б1» оқушылары алды.