Білім сапасы мониторингі

Мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес мектепте білім алушылардың білім сапасына мониторинг жүргізіледі. Мониторинг жүргізудің мақсаты проблемаларды анықтау және мақсатты түзету жұмыстары арқылы білім алушылардың жалпы оқу даярлығының жай-күйін жақсарту болып табылады. 2 тоқсанда білім сапасына мониторинг 5,9, 11-сыныптарда келесі оқу пәндері бойынша жүргізілді: 5-сыныптар: орыс тілі, қазақ тілі және әдебиеті, математика; 9-сыныптар: алгебра, Қазақстан тарихы, биология, география; 11-сыныптар: алгебра және талдаудың басталуы, физика, Қазақстан тарихы, химия. 3 тоқсанда жоспар бойынша 6,7,8,10 сыныптар үшін білім сапасына мониторинг жүргізу.