Педагогикалық кеңес

06.02.2023 жылы “Педагогикалық тәлімгерлік – білім беру үрдісінің басым бағыты” тақырыбы бойынша педагогикалық кеңес өтті. С.Б. Двойнин педагогикалық ұжымды теориялық бөлімімен таныстырды, заманауи білім берудегі “тәлімгерлік” түсінігін ашты. Практикалық бөлімінде И.К. Аллахвердиева мен А.А. Шарипбаева, А.Ж. Муратова, жас педагогтар Ю.А. Кульшинамен және В.В. Зюбанмен бірлесіп, нәтижесінде мектептегі білім сапасының артуына алып келетін сабақта оқушылардың біліміне деген ынтасын арттыратын жұмыстың заманауи әдістері мен түрлерін көрсетті.