26 желтоқсанда Ұлы Отан соғысының батыры, Халық қаһарманы, аңызға айналған қолбасшы, қазақ жазушысы Бауыржан Момышұлына арналған “Бауыржан оқулары” республикалық байқауы өтті.
Байқау қатысушыларға Бауыржан Момышұлының шығармашылығын насихаттау призмасы арқылы Отанға, оның тарихи өткеніне деген сүйіспеншілік сезімін оятуға бағытталған.
Байқауға Қостанай қаласының мектептері, сондай-ақ Бауыржан Момышұлының есімімен аталған Қазақстан Республикасының мектептері шақырылды.
Байқау 4 номинация бойынша өткізілді:
«Жас автор» – өз шығарма өлеңдерігің байқауы.
«Жас оқырман» – Бауыржан Момышұлы шығармаларын мәнерлеп оқу байқауы
«Жас моделші» – Бауыржан Момышұлының шығармаларына арналған диорамалар, модельдер мен макеттер байқауы.
«Жас оператор» – Бауыржан Момышұлының шығармалары бойынша буктрейлерлер байқауы.
Байқауға 60 оқушы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша 28 қатысушы жеңімпаз және жүлдегер атанды.
Қорытындылау салтанатты концерттен, Қазақстан Республикасының Туын және Бауыржан Момышұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектептің кадет қозғалысының туын шығарудан басталды. Мектеп директоры Ерденова Жанар Козыбаевна қатысушыларға халық қаһарманына құрмет көрсеткені үшін алғыс айтты. Қазақ тілі мен әдебиеті әдіскері Жумагулова Жанар Дюсембаевна байқауды қорытындылап, нәтижелерін жариялады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге 1,2,3 орын дипломдар табысталды. Мұғалімдерге – Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Қостанай қаласының білім бөлімі” ММ басшысы Уразбаева Гульсим Адильхановнаның атынан алғыс хаттар берілді. Барлық қатысушылар қатысу сертификаттарын алды.
Байқау шарттарына сәйкес қорытындысы бойынша «Республикалық «Бауыржан оқулары» байқаудың үздік мектебі» кубогын марапаттауға мектептердің рейтингі шығарылады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер саны бойынша Үздік мектеп рейтингте бірінші орын алған Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласының білім бөлімінің Мариям Хакімжанова атындағы № 20 жалпы білім беретін мектебі» КММ болды.
БАЙҚАУДЫҢ БАРЛЫҚ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
БІР ЖЫЛДАН КЕЙІН ҚАЙТА КҮТЕМІЗ!
Байқауға қатысушылардың сертификаттарын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады