Қазақ батырлары

19 желтоқсанда кітапханада Бауыржан Момышұлының шығармалары бойынша оқырмандар байқауы өтіп, “Қазақ батырлары”атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.  Іс-шараға 5-10 сыныптардың 15 оқушысы қатысты. Қатысушылар “Жас оқырман”, “Жас автор” атты екі номинация бойынша бақ сынасты.

“Жас оқырман” номинациясында бірінші орынды Китаева Анастасия 10 “Б” сыныбы, екінші орынды Ганжелюк Дэвид 6 “Д”, Мельниченко Виолетта 5 “Д” сыныбы, үшінші орынды НусанбаеваАмина 7 “Д”, Колесник Кристина 5 “Б2” сыныбы алды.

“Жас автор” номинациясында бірінші орынды Алибаева Махаббат 10 “Б” сыныбы, екінші орынды Ережепов әділ 5 “Г” сыныбы иеленді.

Оқырмандар сайысы қызықты өтті, білім алушылар өздерінің көркемдік қабілеттерін көрсетті, қатысушыларға грамоталар табыс етілді. Музыкадан қосымша оқыту мұғалімі К.З. НурмагамбетованыңжетекшілігіменЖаугашева Мадина 9 “Г”, Руднев Илья 8 “Б1”, Тілеубаев Диас 8 “Б1”, Брейденбюхер Генрих 5 “Б1” сынып оқушылары “Тепен көк”, Желдібай “Ерке сылқым” күйлерін орындады.

Жеңімпаз атанған білім алушылар енді “Бауыржанов оқулары” республикалық байқауында намысты қорғайтын болады.

Байқаудың басты мақсаты – оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, балаларда бай әдеби тілді дамыту, Көркем сөз оқу шеберлігін арттыру.