Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Қостанай қаласы білім бөлімінің Бауыржан Момышұлы атындағы 5 жалпы білім беретін мектебі” КММ 01 желтоқсанда М.Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай “Мұхтар Әуезов-көркем сөздің кепілі” атты әдеби кеш ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараның мақсаты М. Әуезовтің патриот, азамат және гуманист ретіндегі тұлғасын көрсету болды. Аталған іс-шараға 7-сынып оқушылары белсене қатысты. Әдеби кеш барысында 7 “Д” сынып білім алушылары А., Нусанбаева А., Жантасова А., Апазова Д., Мазурова А., Шарафутлинова М., Рахимжанова М. қазақ ақындары Тұманбай Молдағалиевтің, Қасым Аманжоловтың өлеңдерін оқып берді. 9 “Г” сыныбының оқушысы М. Жаугалиеваның орындауында “Қаз” күйі шырқалды. Сарсенов Ислам М. Әуезовтің ұрпақтарына қалдырған өсиет сөзін жолдады: “Сендерге өзіме сияқты сенемін. Жас ұрпағым, жылдар сендер үшін еш емес! Мәңгілікке тағдыр қосты бізді”. Көрермендердің назарына “Бесік жыры” музыкалық композициясымен “Сүйікті әже” атты миниатюра ұсынылды. Сондай-ақ “Фламинго” би ансамблінің орындауында “Қамажай” биін тамашалады. М.Әуезовтің “Абай жолы” романы бойынша “Абай” фильмінің үзіндісі және ұлы жазушының өмірі туралы бейнеролик көрсетілді. Мектеп кітапханасымен бірлесіп “Мұхтар Әуезов – көркем сөз шебері”атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Әдеби кеш соңында көрермендермен викторина өткізіліп, ең белсенді қатысушылар сыйлықтармен марапатталды. Іс-шара жоғары деңгейде өтті, барлық қатысушылар зияткерлік-танымдық іс-шараға белсенді қатысты.