Ұлттық валюта күні

Егеменді елдің рәміздерінің бірі – оның ұлттық валютасы. 1993 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы енгізілді, 15 қарашада теңге алғаш рет айналымға енді. Бұл күн Қазақстанның ұлттық валютасы күні болып саналады.
Ұлттық валюта күніне орай «Ұлттық валюта күні» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапханашылар Қабдуллина У.А., Бибикова Н.Н. 5-7 сынып оқушыларына Қазақстандағы теңгенің пайда болуы және айналымға ену тарихы туралы айтып берді, Қазақстанның ұлы тұлғаларына арналған естеліктер мен монеталар, басқа елдердің монеталары және банкноттарымен таныстырды. 5 «Г» оқушыларымен «Ұлттық валютаның өткені мен қазіргісі» туралы викторинасы өткізді. Кітапханаға 30 оқушы келді.