“Зерде” республикалық конкурсы

Қостанай облысы әкімдігі ББ “Дарын” ғылыми-практикалық орталығы” КММ 27 қазанда 1-7 сынып оқушыларына арналған “Зерде” республикалық зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының қалалық кезеңі өтті. Байқау Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Қостанай қаласының физика-математикалық білім беру лицейі” КММ базасында өтті. Бауыржан Момышұлы атындағы № 5 білім алушы жалпы білім беретін мектеп қатысып жүлделі орындарға ие болды:
7 “Б-2” сынып оқушысы Свиридова Ксения “Туризм және спорт” секциясында 2 орын алды жоба жетекшісі Жамантаева Динара Муратовна директордың ОІ жөніндегі орынбасары, география мұғалімі, педагог.
5 В сынып оқушысы Дарья Солодовникова “Медицина, психология, экология” секциясында 2 орын алды жоба жетекшісі Гаджиева Татьяна Александровна биология пәнінің мұғалімі, педагог-модератор.
7″Б1″ сынып оқушысы Корганов Диас “Технология және өнер” секциясында 3 орын алды, жоба жетекшісі Бектасов Бауыржан Аргынгельдинович Көркем еңбек мұғалімі педагог – сарапшы