28 қыркүйекте Мұғалімдер күнін атап өту қарсаңында “Мирас” қалалық мәдениет үйінде қала мұғалімдерін марапаттау рәсімі өтті. Қала әкімінің грамотасымен Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Қостанай қаласының білім бөлімінің Бауыржан Момышұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектебі” КММ Көркем еңбек пәнінің мұғалімі Бектасов Бауржан Аргынгельдинович марапатталды.
Бауржан Аргынгельдинович – шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалім. Оның жетекшілігімен білім алушылар қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі конкурстарға белсенді қатысады және жүлделі орындарға ие болады.