Мемлекеттік қызмет көрсетілу туралы ақпарат

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің Бауыржан Момышұлы атындағы № 5 жалпы білім беретін мектебі» КММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарымен үш мемлекеттік қызмет көрсетіледі:   «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау», «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау», «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау».

01.06.2022 ж. бастан 01.09.2022 ж. аралығында 10-сыныпқа 47 білім алушы қабылданды, ауыстыру үшін құжаттар бойынша 223 білім алушы алынды.  Сонымен қатар денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын екі білім алушыны үйде жеке оқыту ұйымдастырылды.

Күн сайын ата-аналарға (жүгінген кезде) мемлекеттік қызмет көрсету үшін консультациялық көмек көрсетіледі. Қабылдау бөлімінің телефон нөмірі:  8(7142) 57-81-76