18 шілдеден бастап 22 шілдеге дейін Б. Момышұлы атындағы № 5 жалпы білім беретін мектепте 7 “В” сынып білім алушылары мектеп жанындағы сауықтыру алаңына қатысты, онда ұйымдасқан жазғы демалыс жағдайлары жасалды. Іс-шаралар мектеп ішінде және мектептен тыс өткізілді. Суреттер байқауы өтті, домбырада ойнауға үйренді, табиғатқа серуенге шықты, Ы. Алтынсаринның мұражайына барды, спорт, зияткерлік ойындарға қатысты. Қатысқан іс-шаралардың ішінде атаулысы, ол 5-7 сыныптар аралығында өткен қалалық зияткерлік ойыны болды, онда біздің балалар бірінші орынды иеленді. Оқушылар бар ынтасын салып, белсенді болды және және іс-шара көңілдерінен шықты.