2022 жылғы 20 мамырда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Қостанай қаласының білім бөлімінің Бауыржан Момышұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектебі” КММ базасында қала әкімінің орынбасары Саят Жұматұлы Шаймұрыновтың, сондай-ақ “Қостанай қаласының білім бөлімі” ММ басшысы Гүлсім Әділханқызы Оразбаеваның қатысуымен Stem зертхананың ашылуы өтті. Осы Stem зертхананың құны 10 млн теңгені құрады, қаржыландыру жан басына қаржыландыру аясында үнемдеу есебінен болды. Зертхананың техникалық жабдықталуы педагогтар мен оқушыларға жаратылыстану-математикалық бағыттағы, сондай-ақ робототехника және 3D модельдеу саласында оқытумен айналысуға мүмкіндік береді. Оқушылар мен педагогтар өздерінің алған білімдерін іс жүзінде көрсетті, оқу процесі кезінде жабдықтарды, бағдарламалық қамтамасыз етуді қолданудың негізгі сәттерін көрсетті.Бірінші жыл робототехникамен айналысатын 5, 6 сынып оқушылары Нурахметов Мирас және Байжанов Алишер Lego EV3 платформасында робот моделін жинап, көрсетті. 10 сыныпты Кадет Золотарев Максим өзінің ғылыми жобасын-МТЗ тракторының моделін көрсетті. Трактор моделі импровизацияланған материалдардан құрастырылған және Arduino платформасындағы қозғалтқышпен жабдықталған. Осы жобамен Максим қалалық, облыстық олимпиадаларда бірінші орынға ие болды және наурыз айында Шымкент қаласына Республикалық ғылыми жобалар конкурсына барып, “Техника” саласындағы ерекше жетістіктері үшін грамота алды. Тағы бір бағыт-2018 жылдан бері Қазақстанда ресми спорт түрі ретінде танылған киберспорт. Мектеп командасы қалалық, облыстық турларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Команда капитаны-Қазақстанның үздік 50 спортшы рейтингіне кіретін кадет Брынский Никата. 9-сынып оқушысы Чуприн Владимир қысқа уақыт ішінде зерттеген Жаңа Stem зертханаларының жиынтығынан WeebotRobostrorm роботтарының модельдерін көрсетті. Информатика мұғалімі Дәулетбаев Мереке Талғатович және 7б1 сыныбының кадеті Воинов Даниил 3D моделін құру процесі және оны 3D принтерде басып шығару бағытындағы жұмыстарды көрсетті. Биология мұғалімі Мақатова Ботагоз Артуровна оқушылармен интерактивті панельде көлемді форматта ұсынылған, оқу материалға бай бірегей бағдарлама болып табылатын Roqed мамандандырылған лицензиялық бағдарламада сабақтың үзіндісін ұсынды.
Stem зертханасының жұмыс істеу уақытының қысқа мерзімінде оқушылар робототехника, киберспорт және бағдарламалау бойынша қалалық, облыстық және республикалық конкурстарда жүлделі орындарға ие болды. Мектеп педагогтары жақында қалалық семинар өткізіп, осы зертханамен жұмыс тәжірибесімен басқа білім беру ұйымдарындағы әріптестерімен бөлісті. Алдағы уақытта орталықтың материалдық-техникалық базасын жарақтандыру, сондай-ақ педагогтар мен оқушылардың білімін дамыту жұмыстарын жалғастыру жоспарлануда.