Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Қостанай қаласы білім бөлімінің Бауыржан Момышұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектебі” КММ оқушыларының “Арыстан”лицейінің өкілімен кездесуі туралы ақпарат

Бауыржан Момышұлы атындағы мектепте патриоттық тәрбие жеке тұлғаның қалыптасуында, өз елінің азаматын тәрбиелеуде негізгі рөл атқарады. Патриотизм өз Отанына деген мақтаныш пен адалдықпен, тарихты, тілді құрметтеумен, сондай-ақ елді қорғауға дайын болуымен сипатталады.

21.04.2022 жылы мектептің акт залында 7-8 сынып оқушыларының полковник Коваленко Александр Владимировичпен кездесуі өтті, ол “Арыстан”мамандандырылған лицей туралы ақпаратпен таныстырды. Қызықты әңгіме барысында балалар оқуға түсу үшін конкурстық іріктеуді өткізу шарттары мен оқу мерзімдері туралы білді, оқу орны туралы бейнені көрді. Оқу курсын аяқтағаннан кейін тәрбиеленушілер жоғары әскери оқу орындарында оқуын жалғастырады.

Көптеген оқушылар осы оқу орнында оқуға қызығушылық танытты, белсенді сұрақтар қойды, оларға полковник толық жауап берді. Әскери мектептермен осындай кездесулер мектеп оқушыларына болашағын анықтауға көмектеседі.