Өзіміз оқимыз

«Б.Момышұлы атындағы No5 орта мектепте» балалар кітабы мерекесінде кітапханашылар «Өзіміз оқимыз» атты кітап көрмесін әзірледі.Апталық барысында кітапхана сабақтары өткізілді, әдеби слайд – «Кітаптар әлемде өмір сүреді» саяхаты, слайд – «Сүйікті кітаптардың жақсы әлемі» викторинасы, мектептің мәжіліс залында кітап мерекесі, «Ұлы ғажайып – кітап» әдеби саяхаты, оған 5 «Б2» сынып оқушылары, 6 «Б2» сынып оқушылары қатысты.
Балалар челленджге қатысып, үлкен сүйіспеншілікпен кітап туралы өлеңдер оқыды, ән шырқады, ұрандар оқыды, оқушыларды кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттырды.