АТА-АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің Бауыржан Момышұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектебі» КММ 2022 жылғы 26-27 мамырда кадет сыныптарына оқуға түсу үшін конкурс жариялайды.
5-ші кадет сыныбына түсу үшін конкурстық іріктеуге қатысуға ниет білдірген 4-ші сынып түлектері шақырылады!!!
Кадет сыныптарына оқуға қабылдау тәртібі: тұлғалардың оқуға өтініштерін қабылдау 2022 жылғы 01 мамырдан бастап 25 мамырға дейін (қоса алғанда) жүзеге асырылады. Өтініш-сауалнама мектеп сайтында орналастырылады.
Оқуға түсушілер оқуға қабылдау туралы өтініш — сауалнамаға мынадай құжаттарды қоса береді:
Туу туралы куәліктің көшірмесі;
Директордың қолымен және мөрімен расталған 1-4 сынып үлгерім табельдерінің көшірмелері;
Директордың қолымен және мөрімен расталған оқу орнынан психологиялық-педагогикалық мінездеме;
3х4 көлеміндегі 1 фотосурет;
Оқушы портфолиосы;
«Бауыржан Момышұлы – қазақ халқының ұлы перзенті» атты эссе немесе «Неге мен кадет болғым келеді» атты шығарма-пайым.
086/у нысанындағы медициналық анықтаманың таратылуына байланысты 075/у анықтамасын ұсыну қажет
Оқуға түсушінің барлық қажетті құжаттарын ата-аналары немесе заңды өкілдері ұсынады.
Түсу емтихандары келесі пәндер бойынша өткізіледі:
Орыс тілі – диктант
Математика – тест тапсырмалары
Психологиялық тест
Дене шынықтыру – 4-сыныпқа арналған президенттік тестілер бойынша нормативтер
Сәттілік тілейміз!
Мектептің мекенжай: Қостанай қ., Бородин к-сі, 221 (жүретін автобустар: 7, 12, 19, 21, 27)
Телефон 87142578176 — қабылдау бөлімі