Қош келдің, Наурыз!

14 наурызда, Б.Момышұлы атындағы № 5 ЖББМ Наурыз мерекесін тойлау аясында, оқушылар мен ұстаздар арасында интеллектуалды ойын мен суреттер көрмесі  өтті. Ойын ұстаздар мен оқушылар арасындағы бәсекелестік, жанашырлық, интеллектуалдық рухында өтті.

Қатысушылар қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары туралы білімдерін көрсетті.

    Наурыз жарқын түстер мен жағымды эмоциялар мерекесі, жаңару мен жасампаздық мейрамы. Мектепте оқушылардың ” Қош келдің, Наурыз!» атты суреттер  көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде оқушылар өздерінің мерекелік көңіл-күйлерін білдірді.