2022 жылғы 23 ақпанда 11-сынып оқушылары «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын іске асыру, Ұлы даланың танымал тұлғалары: А. Байтұрсыновтың, М. Әуезовтың, Ғ. Мұстафиннің, Ғ. Мүсіреповтың мерейтойларын мерекелеу аясында «Тарихи квест» атты іс-шараға қатысты. Ол іс-шара А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік универститетінің профессоры Е.Е. Ибравпен және П. Чужинов атындағы Экономика және құқық институтының студенттерімен облыстық тарихи-өлкетану мұражайы негізінде ұйымдастырылды. Жанр дәстүріне қарай, квест қарқынды форматта өтті, біздің оқушылар дайындалған тапсырмаларды орындады, мұражай артефакттарын іздеумен айналысты, сұрақтарға жауап беріп, жұмбақтардың шешімдерін тапты. Іс-шараның соңында әр команда естелік сертификаттарымен марапатталды. Мектеп ұжымы мен оқушылар іс-шараны ұйымдастырып, бірлескен ықтымақтастық көрсеткендері үшін А. Байтұрсынов атындағы ҚӨУ әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасына және облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлеріне алғыстарын білдіреді.