Ұлттың рухани ұстазы А. Байтұрсыновтың 150 жылдығы

Өскелең ұрпақты отандық тарихқа бағыттау және жастардың азаматтық бірегейлігін нығайту шеңберінде, «Ұлттың рухани ұстазы А. Байтұрсыновтың 150 жылдығы» атауымен өткен жалпы білім беретін мектептердің оқушылары арасындағы Қазақстан тарихынан ғылыми-зерттеушілік жұмыстардың облыстық байқауында 8Б сыныбының кадеті Ниёзов Акбаршах және 9 В сынып білім алушысы Часовская Ольга сәйкесінше «Қазақстан тарихы» және «Өлкетану» номинацияларында 3 орын алды. Кадет А. Ниезовтың ғылыми жұмысы әскери өнерді зерттеу көзі ретінде аты аңызға айналған әскери стратег Бауыржан Момышұлының әскери естеліктеріне арналды. О.Часовскаяның ғылыми ізденістері Қостанай облысындағы білім беру жүйесін дамыту проблемасына шоғырланды. А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің кафедрасы тұлғасындағы байқаудың ұйымдастырушылары, қазылар алқасы, құрамында аймақтың жетекші тарихшы-зерттеушілері т. ғ. д., профессор А. А. Айтмухамбетов, т. ғ. д., профессор Д. М. Легкий, тарих ғылымдарының кандидаты С. С. Исмаилов, PhD докторы Е. Е. Ибраев қатысушылар мен жүлдегерлерді, сондай-ақ тарих және құқық негіздері мұғалімі, білім алушылардың ғылыми жетекшісі Б.К. Дулатов сертификаттармен және грамоталармен марапаттады.