Күй анасы – Дина

“Рухани жаңғыру” бағдарламасы, “Ұлы даланың ұлы есімдері” арнайы жобасы аясында “Б.Момышұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектепте” кітапханашылар У. А.Кабдуллина, Н. Н. Бибикова “Күй анасы – Дина”кітап көрмесін дайындады. Олар 5-8 сынып оқушыларын атақты қазақ күйшісі Дина Нұрпейісованың өмірбаянымен және шығармашылығымен таныстырды.
Жагашева Мәдина 8 “Г”, Руднев Илья 7″Б1″ сынып оқушылары Ұлы композитор Құрманғазының “Балбырауымым” күйін ойнады. Осылайша, білім алушыларда патриоттық сана, Отанға деген сүйіспеншілік, халық мұрасын құрметтеу, шығармашылықты одан әрі дамытуға ұмтылу және қазақ даласындағы ұлы адамдардың үлгісімен жүру қалыптасады.