Орыс тілі біліміне саяхат

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Қостанай қаласы білім бөлімінің Бауыржан Момышұлы атындағы N 5 жалпы білім беретін мектебі” КММ-нде 24-қаңтардан бастап орыс тілі мен әдебиет пәндерінің онкүндігі басталды. 25-қаңтарда Шамганова С. К. “Орыс тілі біліміне саяхат” атты 8-сынып білім алушыларымен сыныптан тыс ашық іс-шараны өткізді.
Балалар командаларға бөлінді, әр командаға ат қойылды. Ойын қызықты өтті, барлық білім алушылар белсенді қатысты, ширату уақытында сұрақтарға жауап берді, мақалды жалғастырды, орыс тілі мен әдебиеттен кешенді тапсырманы орындады.