Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Қостанай қаласының білім бөлімі” ММ 2021 жылғы 25 қарашадағы № 03-11/5805 хатына сәйкес ағымдағы жылдың 30 қарашасында біздің мектеп базасында “оқу жетістіктерін сырттай бағалауға, қорытынды аттестаттауға дайындықтың білім беру қызметтерінің сапасын басқару құралы ретіндегі өзекті мәселелері”тақырыбы бойынша семинар өтті. Семинарға бөлім әдіскері З.Р. Шапаева, гимназия директорының орынбасары С. В. Брунер, Бауыржан Момышұлы атындағы №5 ЖББМ директорының орынбасары Л. В. Тихонова, Бауыржан Момышұлы атындағы №5 ЖББМ педагог – психологы С. Т. Ергазиева қатысты.
Зауреш Рыскельдиевна директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарларын қорытынды аттестаттау жөніндегі нормативтік – құқықтық құжаттармен, сондай – ақ бастауыш және негізгі орта білім беру білім алушыларының білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу жөніндегі нормативтік-құқықтық қамтамасыз етумен таныстырды. Брунер С.В. ББЖМ-ға дайындықты әдістемелік – ұйымдастырушылық қолдауды қамтамасыз ету бойынша мектеп әкімшілігінің басқару іс-әрекеттері мәселесі бойынша тәжірибесімен бөлісті. Л. В. Тихонова мектептің жұмыс тәжірибесінен қорытынды аттестаттауға түлектерді дайындау жүйесі туралы айтып берді. Қорытынды сөз алған педагог – психолог С.Т. Ергазиева қорытынды аттестаттауға дайындық және өту кезінде оқушыларды психологиялық сүйемелдеу бойынша нақты ұсыныстар берді. Бұл семинар практикалық сипатта болды және білім алушыларды ББЖМ-ға, қорытынды аттестаттауға дайындауда директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына пайдалы болды.