Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Қостанай қаласының білім бөлімі” ММ 2021 жылғы 18 қарашадағы № 1112 бұйрығына сәйкес 22 қарашада мектебіміздің базасында PISA-2021 халықаралық зерттеуінің байқау тестілеуі өткізілді. Байқау тестілеуіне 77 білім алушы қатысты, бұл 15 жасқа толған білім алушылардың жалпы санының 91% – ын құрайды (8 білім алушы науқастануына байланысты болмаған). Байқау сынағы электрондық форматта өтті, бұл жұмыс білім алушыларға PISA халықаралық зерттеулерінің тапсырмалары қандай болатынын білуге, өзінің дайындық деңгейін бағалауға және немен жұмыс істеу керектігін түсінуге көмектеседі. Айта кету керек, мектепте PISA халықаралық зерттеуіне дайындық жүйеленген және жоспар аясында болып табылады. Оқушыларымызға PISA халықаралық зерттеуіне табысты дайындық тілейміз!