Бір ел – бір кітап

Мектеп кітапханасында 2021 жылы “Бір ел – бір кітап” республикалық акциясы аясында ҚР Тәуелсіздігінің мерейтойына арналған “30 кітап – Тәуелсіздіктің 30 жылдығы” атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Акцияның мақсаты-отандық әдебиетті насихаттау, тарихи-мәдени және рухани мұраны сақтау, жастарды адамгершілік-патриоттық тәрбиелеу, ана тіліне ұқыпты қарау. Кітапханашылар презентация дайындады.
Кітап көрмесінде кітапхана қорындағы поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті және аударма саласындағы авторлардың үздік шығармалары ұсынылды.