18 қараша күндері МИФ онкүндігінің аясында информатика пәнінен 6 сыныптар арасында Pop it ойыны өткізілді. Ойынның негізгі мақсаты: заманауи атрибуттар көмегімен оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Pop it – ойыншық-хит. 2021 жылдың негізгі ойыншықтардың бірі. Ойын ұсақ моторика мен концентрацияны дамытатындықтан, ойыншықты сенсорлы интеграцияны дамыту үшін қолданады.
Ойыншық көмегімен АКТ-ны қолдану, ойынның негізі болып табылады. Ойынды бастамас бұрын информатикадан сұрақтар қойылады, сұраққа жауап берген оқушы осы ойыншық көмегімен практикалық жұмысты орындайды. Ойынның қорытындысы бойынша, жүлделі орындарға келесі сыныптар иеленді:
1 орын -6Д сынып;
2 орын – 6Б1 сынып;
3 орын – 6 Е сынып.
Жүлделі орындарға ие болған сыныптар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады. Іс-шараны дайындаған информатика пәнінің мұғалімі Нургалиева А.Г.