ҰБТ апробациясы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласының білім бөлімі» ММ ағымдағы жылғы 12 қарашадағы № 03-11/5606 хатына сәйкес 15 қарашада біздің мектеп базасында ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК 11-сынып оқушылары үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу пәндері бойынша тест тапсырмаларының апробациясын өткізді. Тест тапсырмаларын апробациялауға 16 білім алушы қатысты, бұл білім алушылардың жалпы санының 39% – ын құрайды. 2021 жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру форматы сапалық жаңа деңгейге өтті және электрондық форматта өткізіледі. Байқау тестілеуі білім алушыларға ҰБТ-ның тест тапсырмасының қандай екендігімен танысуға, өзінің дайындық деңгейін бағалауға және немен жұмыс істеу керектігін, қандай пәнге ерекше назар аудару керектігін түсінуге көмектеседі. Айта кету керек, мектепте ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жоспарлы және жүйелі жұмыс болып табылады. Оқушылар ай сайын Ustudy-ге барады, олар пәндер бойынша білімдегі олқылықтарды анықтайды. Болашақ түлектерімізге ҰБТ-ға сәтті дайындық пен барлық тілектердің орындалуын тілейміз!