Ә. Жанбосынов -1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің жетекшісі

26.10.2021ж. Бауыржан Момышұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінде «Ә. Жанбосынов -1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің жетекшісі» атты сынып сағаты өткізілді. Сынып сағатына мектебіміздің 6 «Е» сынып оқушылары қатысты. Аталмыш іс-шараның негізгі мақсаты:
1.Патриоттық сезімдерін, туған жерін құрметтеуге тәрбиелеу.
2. Ә. Жанбосыновтың өмірбаянымен таныстыру.
Сынып сағатының басында оқушылар Ә. Жанбосыновтың өмірбаянымен танысты (бейнеролик). Кейін 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс жайында сөз қозғалды. Іс-шараның соңында сұрақ-жауап әдісі қолданылды, Отан туралы мақал-мәтелдер оқыды, тақырып бойынша сауалнама өткізілді.
Сынып жетекшісі: Досумова Г.Т.