22 қазан 2021 жыл Биология және химия онкүндігінің жабылу рәсімі өтті. Іс-шаралар бекітілген жоспарға сәйкес өткізілді. Оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамыту және құзыреттілік деңгейін арттыру, жаратылыстану – ғылыми цикл пәндеріне қызығушылықты арттыру мақсатында дәстүрлі түрде әр жылдың қазан айында биология және химия онкүндігі өтеді. Мұғалімдер әр түрлі сыныптан тыс іс-шараларды әзірледі және өткізді, оларға барлық сынып оқушылары мен мұғалімдер бірлестіктері белсенді қатысты. Онкүндігі аясындағы барлық іс-шаралар білім алушылар үшін әдістемелік сауатты, қызықты, АКТ-ны пайдалана отырып, түрлі тәсілдер мен әдістерді қолдана отырып өтті.
Сыныптан тыс шаралардан басқа оқушыларға “21-ғасыр көшбасшысы” атты суреттер мен плакаттар конкурсы ұсынылды.
Қорытынды іс-шара 21 қазанда “Күзгі қиял” костюмдер байқауы және “Алтын күз – hand made” қолөнер сайысы өтті. Білім алушылар сынып сағаттарына белсенді қатысқаны үшін жүлделі орындар мен грамоталармен марапатталады.
Жаратылыстану ғылымдары онкүндігінің мақсаты жаратылыстану-ғылыми цикл пәндерін оқуға ынталандыру құралы ретінде сыныптан тыс жұмыстардың тиімділігін көрсету болды.
Қатысқандарыңыз үшін алғысымызды білдіреміз!