Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 04.02.2021 жылғы № 5 қаулысына сәйкес Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының “Қостанай қаласы білім бөлімінің Бауыржан Момышұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектебі” КММ-де ағымдағы жылдың 4 тоқсанында 5 сәуірден бастап балалар саны 25 адамнан аспайтын барлық сыныптардың білім алушылары үшін аралас форматта оқыту басталды. Күн сайын барлық қызметкерлер мен білім алушыларға сүзгі жүргізіледі (байланыссыз термометрмен термометрия, кіреберісте қолды антисептикпен өңдеу). “Бір жақты қозғалыс” ережесі бойынша көрсеткіштер орнатылды. Мектепте жүріп-тұру, оның ішінде баспалдақпен көтерілу білім алушылардың қозғалыс барысы бойынша орналасқан көрсеткіштер бойынша жүзеге асырылады. Дәліздер мен санитарлық тораптарда білім алушылардың, педагогтар мен персоналдың қолын өңдеуге арналған байланыссыз санитайзерлер орнатылған. Пайдаланылған маскаларды жоюға арналған контейнерлер орнатылды.
Күн сайын мектеп әкімшілігі мен педагогтары санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады.
Бірінші оқу аптасының қорытындысы бойынша аралас форматта жағымды жақтар анықталды: оқушылардың сабақтағы белсенділігі, білімді меңгерудегі талпынысы жоғары. Білім алушылардың тәртіптілігін атап өту қажет, ол оқу сабақтарына жауапкершілікпен қатысудан көрінеді. Жағымды жақтарымен қатар, балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты білім алушылар арасында әлеуметтік қашықтықты сақтауда қиындықтар болады.