Рухани жаңғыру құндылықтарының бірі – ұлттық дәстүрлерін сақтау, жас ұрпаққа насихаттау. Осыған орай 19 наурызда Наурыз мейрамына арналған іс –шаралар жоспары бойынша «Наурыз – ұлттық тағамдар күні» атты мерекелік іс – шара ұйымдастырылды. Аталған мерекелік шараға Бауыржан Момышұлы атындағы № 5 жалпы білім беретін мектебінің әдістемелік бірлестіктері белсене қатысты. Ұстаздар бейне роликтерін жасап, қазақ халқының ұлттық тағамдардың дайындалу жолдарын көрсетті. Ұстаздар өздерінің шығармашылық, режиссерлік, актерлік қабілеттерін ортаға салып, қазақтың ұлттық тағамдарын насихаттады. Қазақтың ұлттық тағамы дегенде ет, бауырсақ, құрт-май, жент, шелпек пен Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінде әзірленетін наурыз көжені айтамыз. Бірақ ұлттық тағамдарымыз мұнымен шектелмейтіні сөзсіз. Дегенмен, уақыт сырғып, заман жаңарған сайын барлық ұлттың асханасымен етене жақын таныса бастағанымыз рас. Алайда өзіміздің ұлттық асымызды ұмыт қалдырмағанымыз жөн. Ең көп дауыс жинаған бейнеролик жүлделі орынға ие болады. Instagram желісінде мектептің парақшасында дауыстарыңызды бере аласыздар https://www.instagram.com/sch5bm/channel/