2020 жылдың 15 наурызында Қостанай қаласының Бауыржан Момышұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектебінде «Ұлыстың ұлы күні-наурыз мерекесі» апталығы аясында «Наурыз — берекем, Наурыз – мерекем» атты сайысы 5 сынып оқушылары арасында санитарлық нормаларға сәйкес өткізілді.
Аталмыш іс-шараның негізгі мақсаты: Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін оқушылардың бойына сіңіру. Балалардың ой-қиялының, шығармашылық белсенділігінің және бейнелі ойларының дамуына ықпал ету.
Мектеп директоры Ж. К. Ерденова барлық қатысушыларды Наурыз мерекесімен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі. Байқау 6 кезеңнен тұрды. “Танысу”, “Бәйге”, “Қазақ халқының ұлттық ойындары”, “Полиглот”, “Алтын сандық” және капитандар сайысы. Байқауға қатысушылар Наурыз мерекесінің пайда болу тарихын, қазақ халқының ұлттық ойындары мен тағамдарын, ағылшын тілін білу және өлең мен бата мәнерлеп оқу қабілеттерін көрсетуі керек еді. Байқау қорытындысы бойынша 5 “А” сынып оқушылары 1 орын, 5 “Б2″ сынып оқушылары 2 орын және 5″Б1” сынып оқушылары 3 орын алды. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.