Ағылшын тілінен пәндік онкүндігі

2021 жылғы 22 ақпан мен 5 наурыз аралығында ағылшын тілінен пәндік онкүндігі өтті.  Онкүндік шет тілін оқуға деген ынтаны күшейту; сөйлеу мәнерін іс-жүзінде қолдануды жетілдіру; оқушылардың тілдік қорын байыту; олардың жалпы зияткерлік және тілдік белсенділігін арттыру; жалпы ой-өрісін кеңейту; оқушылардың мәдени деңгейін көтеру  мақсатында өткізілді. Оқушылардың жас ерекшеліктерін және қашықтықта оқытуын коммуникативтік қажеттіліктерін ескере тұрып, онкүндікті өткізу жоспары әзірленді.
Онкүндіктің жоспары толық орындалды, барлық іс-шаралар онлайын форматында өтті. Онкүндікке 5-сыныптан бастап 11-сынып оқушылары арасындағы оқушылар қатысты.
Ағылшын тілінің онкүндігінде А.Ж. Муратова («Travel and Holidays», 6-сынып), С.К. Алабаева («Natural Disasters», 7-сынып),   Ш.Б. Аязбаева («Breakthrough technology» 10-сынып) мұғалімдері ашық сабақтар өткізілді.

22 ақпанда  «Great Britain and The USA» елтану  олимпиадасы өтті. Викторинаға 6-7 сыныптардың 32 оқушысы қатысты.  Ең жоғары бал алғандар:
Каянкин Кирилл – 1 орын;
Жанаспай Альмансур -1 орын;
Низамлы Ламия – 2 орын;
Дунаева Ева- 2 орын;
Панфилова Ксения- 3 орын.
23 ақпанда «I want to know everything» мектеп викторинасы өткізілді.

Викторинаның нәтижесі:

Аты-жөні Сынып Бал Орын
1 Бурда Матвей 5Б/1 13 1
2 Запарив Роман 5Б/1 13 1
3 Шакеева Мадина 13 1
4 Сотникова Валерия 5 Г 13 1
5 Бондаренко Анастасия 12 1
6 Жакып  Даниал 5Б/1 12 1
7 Сухоруких Ульяна 12 1
8 Банчужный Константин 5Б/2 12 1
9 Кабановский Глеб 5Б/1 12 1
10 Стасина Анастасия 12 1
11 Кабановский Клим 5Б/1 11 2
12 Левченко Кристина 11 2
13 Рогожин Кирилл 5Б/2 11 2
14 Логинова Алина 10 2
15 Утенов Данияр 5 Б/1 10 2

Онкүндік барысында 5-8 сынып оқушылары үшін «Англия рәміздері» атты сурет байқауы өтті. Жеңімпаздар атанған Константинова Злата мен Шлюнд Дарья.

Ағылшын тілінің мұғалімдері Бисембаев К.Е. пен Кабдуллина К.К. “If I you are tired of London you are tired of life» Англияның бас қаласына сырттай саяхат сабағын өткізді. Балалар Лондонның қызықты жерлерін көрді.

2 наурызда «The 8th of March is International Women’s Day» эссе байқауы өтті. Байқауға 9-10 сыныптардың 13 жұмысы берілді.  Ағылшын тілі мұғалімі Ш.Б. Аязбаеваның жетекшілігімен эссе жұмыстарының үздік оқушылары:
Гафарова Карина – 1 орын;
Нурманова Дарига, Гуря Ангелина -2 орын;
Сармурзина Айнура – 3 орын.

3 наурызда 7 сынып оқушылары үшін мұғалім А.Ж. Муратовамен  Country History quiz «Do you know English-speaking countries?» квиз ұйымдастырылды, онда оқушылар жалпы тілдік, зияткерлік және танымдық дағдыларын іске асырды.
Онкүндіктің барлық іс-шаралары ағылшын тілін меңгеру курсында алынған оқу, тілдік және сөйлеу тәжірибесін кеңейтуге және байытуға ықпал етті. Балалар викториналар, әндер, өлеңдер, ойындар және т.б. материалдарында көрініс тапқан дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, салттары, мәдениет туралы көбірек білді. Онкүндікті өткізу кезінде оқытудың аудиовизуалды құралдары, көрнекіліктер қолданылды, жұмыстың түрлі нысандары мен әдістері қолданылды.

     Жалпы жоспарланған іс-шаралардың барлығы жоғары деңгейде өткізілді. Оқушылардың ішінде біреулер өз білім мен дағдыларын, шеберліктерін жоғары деңгейде көрсетсе, енді біреулер төмен деңгейді көрсетті, бірақ онкүндік іс-шараларына қатыспаған оқушылар болмады.