Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды ҚР азаматтарының отбасына орналастырудың баламалы нысандары

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды азаматтардың отбасына орналастыру мәселесі Қазақстан Республикасы саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады.
Егер Сіз баланы отбасыңызға алуға шешім қабылдасаңыз, Сізге бірнеше қадам жасау қажет. Олардың ішінде – отбасылық құрылымның түрін таңдау.
Көптеген адамдар баланы отбасына қабылдауды оның отбасылық құрылымының формасын таңдаудан бастау керек деп санайды. Бұл таңдауды бірден жасау өте қиын. Әсіресе елімізде мүмкін болатын отбасылық құрылымның түрлерін белмесе.
Ең көп таралғаны балалардың төрт негізгі құрылымы болып табылады.
Біріншісі – бала асырап алу, екіншісі – қамқорлыққа алу (қамқоршылық), үшіншісі – патронат және асырап алған отбасы. Олардың барлығы бір-бірінен ерекшеленеді және олардың әрқайсысының өзіндік артықшылықтары мен шектеулері бар, сондықтан нақты жағдай, нақты бала және нақты асырап алушы ата-аналар үшін қолайлы нұсқаны таңдау маңызды.
Баланы асырап алу кезінде бала тұған баланың барлық құқықтарына ие болады, оныің ішінде мұрагерлік. Бала асырап алу тек сот тәртібімен жүзеге асырылады (бала асырап алу – бұл сотта бекітілген отбасылық құрылыстың жалғыз түрі).
Бала қорғаншылыққа (қамқоршылыққа) берілген жағдайда, қорғаншы баланың заңды өкілі болады. Бұл ретте қорғаншы (қамқоршы) қамқорлыққа алынған баланы күтіп-бағуға ай сайын жәрдемақы алады. Әдетте, туыстары қамқоршы болады: ата-әжелері, бауырлар, әпкелер, тәтелер, ағалар.
Патронат бұл қамқоршылықтың бір түрі, онда патронат тәрбиеші келісім-шарт жасасу кезінде баланы күтіп-бағуға ақшалай қаражаттан басқа, тәрбиешінің қосымша жалақысын алады.
Асырап алушы отбасы – бұл кем дегенде 4 баланы тәрбиелеген отбасы. Шарт жасасу кезінде асырап алушы ата-аналар да жалақы алады.
Балаларды орналастырудың белгілі бір түріне үміткер ретінде тіркелу үшін Сіз асырап алушы ата-аналар мектебінен өтуіңіз керек.
Асырап алушы ата-аналар мектебін жақын туыстарынан (ата-әжелері, аға-інілері, апа-сіңлілері) басқа, балаларды отбасына алғысы келетін барлық азаматтар өтеді.
Асырап алушы ата-аналар мектебінің байланыс телефондары:
Рудный балалр үйі – 8 707 670 61 89
Ана үйі – 8 777 310 98 84
Рудный түзету мектебі – 8 747 909 24 75
«Жанұя» отбасы түрдегі балалар деревнясы – 56 94 60; 39-25 85
«Синерджи» қоғамдық бірлестігі – 8 705 915 11 57.
Егер Сізді осы ақпарат қызықтырса, толық ақпарат алу үшін «Қостанай қаласының білім бөлімі» ММ-не жүгіне аласыз
Қостанай қ., Байтұрсынов к-сі, 67 ү,, каб.115 8 (7142) 54 52 28.